EcoБасты

Үлкен Алматы жағалауы абаттандырылады

Бақытжан Сағынтаев есеп беру кездесуінде Үлкен Алматы жағалауы абаттандырылатынын айтты.

Қалада өзендер маңызды рөл атқаратындықтан, Кіші Алматы және Есентай өзендерінің арнасында нығайту жұмысы жүргізілуде.

Сондай-ақ, абаттандыру бойынша азаматтардың барлық санаттары үшін серуендеу, бос уақыт үшін қолайлы орта құру жұмысы қарастырылып жатыр.

«Биыл жаяу жүргіншілер аймағын тазарту, дуалдар мен қоршауларды дұрыс жасау, әл-Фарабиден Сайранға дейін серуендеу аймағы жеткілікті үлкен болуы үшін жарықтандыру жобасын жасауды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті әкім.

Оның айтуынша, Үлкен Алматы жағалауын абаттандыру жұмысы келесі жылы басталады. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау мерзімі – 2021 жылғы желтоқсан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button