PoliticsБасты

ЕАЭО елдерінің сауда айналымы 55 млрд долларға жетті

Соңғы бес жылда ЕАЭО елдерінің өзара сауда айналымы 21 пайызға өскен. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Бұл туралы Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«29 мамырда Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартқа біздің елдің астанасында қол қойғанымызға 7 жыл толады. Бүгінде бірлесіп күш жұмсаудың арқасында ЕАЭО әлемнің экономикалық архитектурасынан жүйелі орын алғанын әсірелеусіз айтуға болады. Соңғы бес жылда елдеріміздің өзара саудасы 21 пайызға өсіп, 2020 жылы 55 млрд долларға жетті. Бұл – дағдарыс жағдайындағы көрсеткіш. Әйтпесе біз одан да үлкен жетістіктерге жете аламыз», – деді Елбасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button