FinanceБасты

Доллар бағамы өсті

Қазақстан қор биржасының деректеріне сүйенсек, теңгеге қатысты доллар бағамы тағы да өсті.

Таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,35 теңгеге артып, 429,37 болды. Айта кетейік, 1-4 мамырдағы доллардың ресми бағамы 428,75 теңге.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі таңда Алматының айырбас орындарында долларды сатудың орташа бағамы 430,42 теңге, сатып алу – 428,84 теңге.

Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттерінде америкалық валютаны орта есеппен 429,99 теңгеден сатып жатыр, 428,72 теңгеге сатып алуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button