EconomyБасты

Қазақстан тұрғын үйдің қолжетімділігі бойынша 35-орында

Жаңа пәтерлердің бағасы бір жылда 8%-ға өскен.

Тұрғын үйдің қолжетімділігі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 109 елдің ішінен 35-ші орынды иеленді. Ел индексі 9,63 құрады (бұл көрсеткіш неғұрлым төмен болса, соғұрлым жақсы).Индексті жылжымайтын мүлік бағасы мен халық табысының ең аз мөлшерінің арақатынасы бойынша есептейді.

Осы жылдың басында Қазақстан ЕАЭО — ның барлық елдерінен және оңтүстік көршісі –Өзбекстанға қарағанда рейтингте жоғары. Көш басында Сауд Арабиясы, Пуэрто-Рико және Оңтүстік Африка Республикасы, соңғы орында – Сирия.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 22 сәуіріндегі мәлімет бойынша Қазақстан қала орталығындағы пәтерлердің арзандығы жағынан рейтингте 107 елдің ішінен 9-шы орында (кв.м.950,88$). Орталықтан алыс пәтерлердің арзандығы бойынша — 13-орында (кв.м. 640,44$).

Осы жылдың наурыз айында елімізде тұрғын үйді сатып алу және сату бойынша 52,7 мың келісім жасалды — бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есе көп.

Өңірлер ішінде ең көп келісім Маңғыстау облысында жасалды: 9,9 мың — бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 8,9 есе көп. Көшбасшылардың үштігінде Нұрсұлтан мен Алматы да бар.

Ең аз келісім Солтүстік Қазақстан облысында жасалды: барлығы 687 — бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 6,7 есе аз. Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан облысы наурыз айында сатып алу мен сату келісімдер саны қысқарған жалғыз өңір.

ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, осы жылдың наурыз айында жаңа тұрғын үйдің (көп пәтерлі үйлердегі пәтер) орташа құны бір шаршы метр үшін 324,5 мың теңгені құрап, бір жылда 8,4% – ға қымбаттаған.

Еліміздің ірі қалалары арасында ең қымбат пәтерлер — Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте, ең арзан баға — Тараз қаласында. Атырау, Семей және Ақтау қаларынан өзге барлық өңірде пәтер бағасы көтерілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button