Қазақстан Президентінің «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысының жобасы Ашық НҚА сайтына жарияланды.
Айта кетейік, әліпбидің жаңа нұсқасында 2021 жылдың қаңтарында ұсынылған нұсқамен салыстырғанда «Ң» әрпінің жазылуы өзгеше. Қазір «ң» дыбысы латын тілінде «Ñ» деп белгіленген. Ал бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсынылған кестеде әріп «Ŋ» деп белгіленген.