Education

ЕҰУ мен «МИСиС» ҒЗТУ ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Ерлан Сыдықов бастаған Еуразия ұлттық университетінің делегациясы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесшісі Еділ Қазыхановпен бірге Мәскеудегі «МИСиС» ұлттық зерттеу технологиялық университетінің басшылығымен, проректорлар Вадим Петров, Вячеслав Хван және Михаил Филоновпен, сондай-ақ онлайн оқыту орталығының директоры Нұрлан Қиясовпен кездесті, деп хабарлайды jana-kezen.kz.

Кездесу барысында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов ресейлік әріптестеріне ЖОО-ның тарихы мен жетістіктері туралы айта келіп, биыл университет өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтетінін жеткізді.

«МИСиС» ҒЗТУ оқу жұмысы жөніндегі проректоры Вадим Петров өз сөзінде университеттердің қосымша білім беру бағдарламалары, оқытушылар мен студенттердің ғылыми тағылымдамалары және қос диплом бағдарламасын іске асыру саласындағы ынтымақтастық мәселесіне назар аударды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button