EconomyБасты

Қазақстанда күнбағыс майы бір жылда 1,5 есе қымбаттады

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында елімізде 50,9 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы өндірілді — бір жыл бұрынғыға қарағанда 14,9% - ға артық. Тазартылған май өндірісі бір жылда бірден 54,4% - ға, 45,2 мың тоннаға дейін өсті.

Өңірлер бойынша тазартылмаған күнбағыс майын шығару негізінен Шығыс Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарына тиесілі. Тазартылған майды өндіруде Шығыс Қазақстан облысы және Алматы, Шымкент көш бастап тұр.

Республикадағы ең ірі күнбағыс майын өндірушілер – «Май» АҚ, «Өскемен май зауыты» ЖШС, «Евразиан Фудс Корпорейшн» АҚ, «ЭФКО Алматы» ЖШС, «Масло-Дел» ЖШС және басқада секторлар бар.

Осы жылдың наурыз айында елдің базарлары мен дүкендерінде майды литріне 637 теңгеден — яғни, бір ай бұрынғыға қарағанда 1,9% – ға қымбат және бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 44,3%-ға қымбаттаған.

Елімізде күнбағыс майы ең қымбат қала – Атырау (литрі 732 тг). Алматы мен Өскеменде де сұйық май бағасы қымбат. Ең арзан баға Петропавлда литріне 562 теңге.

Басқа жаңалықтар

Back to top button