AgroБасты

Қазақстандық тұз экспортының көлемі 61 есеге артып 6,3 млн АҚШ долларын құрады

2019 жылы елімізде 260 мың тоннадан астам тұз өндірілді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 14,8 пайызға артық. Тұзбен ішкі нарықты қамтамасыз ету 2019 жылы 143 %-дан (243 мың тонна) асқан болатын.

Қазақстанда өткен жылы ас тұзы экспортының күрт өсуі тіркелді. 11 ай ішінде шет елге 6,3 млн АҚШ доллары сомасына 85 мың тоннаға жуық минерал жөнелтілді. Тауардың басым бөлігі Ресей Федерациясы мен Қырғызстан еліне сатылған.

Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2018 жылдың 11 айында экспортқа 102 мың долларға 3 мың тонна шығарылған екен.

Естеріңізде болса, өткен жылдың күзінде интернетте қазақстандық тұзда белгісіз қоспалар, оның ішінде шыны бар деген ақпарат таралған еді.

Өндіруші «Славяночка» тұзында табиғи минералдардан тұратын ерімейтін тұнба барын және ол адам ағзасына қауіпсіз екенін мәлімдеп ресми ақпарат берген.

Сондай-ақ, ЕАЭО аумағында таралатын барлық ас тұзын тәуелсіз аккредиттациясы бар зертханалар тексеріп, сәйкестік декларациясын беріп отырады.

 

 

Ас тұзын экспорттау
2018 жылғы қаңтар-қараша 2019 жылғы қаңтар-қараша
тонн мың АҚШ доллары тонн мың АҚШ доллары
3 054,1 102,0 84 778,2 6 365,9

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button