Басты

Биылғы ҰБТ-да қандай жаңашылдықтар бар

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Ұлттық бірыңғай тестілеуді жаңа жағдайда өткізуге дайындық мәселесі қаралды.

Дайындық жұмыстары туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баяндады. Ұлттық бірыңғай тестілеу биыл 17 рет өткізіледі.

ҰБТ-ға қатысу үшін барлығы 131 755 өтініш тіркелді, оның ішінде 110 678 өтініш онлайн форматта және 21 077 өтініш қабылдау пункттерінде қабылданды. «ҰБТ бекітілген мерзімде 20 маусымнан 5 шілдеге дейін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатал түрде сақтау арқылы 161 ҰБТ өткізу пункттерінің базасында өткізіледі», — деді А. Аймағамбетов.

 

ҰБТ форматы өзгертілген жоқ, 5 пән бойынша қағаз түрінде: 3 міндетті және 2 бейіндік пән бойынша өткізіледі. Барлық тест тапсырмаларының саны – 120, максималды балл – 140. «2020 жылғы 15 сәуірден 13 мамырға дейін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер қабылданды.

 

«Тестілеу материалдары 100% басып шығарылды, барлық аудиториялар бейне бақылаумен және ұялы байланысты 100% басатын құрылғылармен жабдықталды. ҰБТ өткізу пункттерінде бейне көрсетілімі бар мониторлар орнатылды. Мемлекеттік және апелляциялық комиссияның құрамы бекітілді», — деді А. Аймағамбетов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button