EconomyБасты

16,6 млн тонна мұнай экспортталды – Энергетика министрлігі

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2021 жылғы қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша отын-энергетика кешенінің ағымдағы жағдайы туралы баяндады.

«Есепті мұнай және конденсат өндіру көлемі 21,1 млн тоннаға жетті, биылғы қаңтар-наурыз айларының жоспарына 100 пайызды құрады. Соның ішінде, мұнай-газ саласындағы iрі компаниялар бойынша көрсеткіштер төмендегідей: Теңіз жобасында аталған кезеңде 6,7 млн тонна мұнай өндірілді, бұл жоспар 100% орындалды. Солтүстік Каспий жобасы – Қашағанда мұнай өндіру көлемі – 3,7 млн тонна болды, яғни қаңтар-наурыз айларының жоспары 100% орындалды. Қарашығанақ жобасының көрсеткіші 3,1 млн тоннаны құрап отыр», – деді министр.

Оның айтуынша, есепті кезең ішінде 16,6 млн тонна мұнай экспортталды, ағымдағы жылғы қаңтар-наурыз айларының жоспары 100% орындалған.

«2021 жылғы 1 сәуірдегі ОПЕК + отырысының қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі кезең-кезеңмен, сәйкесінше мамыр, маусым және шілде айларында тәулігіне 6 мың баррельге ұлғайтылмақ», – деді Н. Ноғаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button