Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің долларға қатысты бағамы қымбаттады.
Таңғы сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 7 сәуір кешімен салыстырғанда 1,73 теңгеге өскен. АҚШ доллардың орташа бағамы 432,82 теңге болды.
Ұлттық банктің 8 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 430,77 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 433,92 теңге сатылса, ал сатып алу — 432,31 теңге. Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 433,05 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны — 431, 88 теңге.