ПТР анықтамасы жоқ жолаушылар 7 тәулікке дейін стационарға оқшаулауға жатады
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е. Қиясовтың қаулысымен, шетелден келген ПТР анықтамасы жоқ жолаушылар 7 тәулікке дейін стационарға оқшаулауға жатады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
«ҚР-ға келген азаматтар, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар Анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 7 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады»,- делінген қаулыда.