EducationБасты

Төртінші тоқсанда барлық оқушы аралас форматта оқиды

300-ге дейінгі оқушы саны бар мектептер ІV тоқсанда жұмысын әрі қарай дәстүрлі форматта жалғастырады. Бұл туралы Орталық коммуникциялар қызметінде өткен IV тоқсандағы оқу форматы туралы брифингіде айтылды.

«ІІІ тоқсанда қазақстандық мектептерде 2 300 000 (66%) оқушы оқуды дәстүрлі немесе аралас форматта аяқтады. 1 100 000 (34%) оқушы қашықтан оқыды. ІV тоқсанды бастауға қатысты мәселе Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралып, кеше – 25 наурызда еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысы қабылданды. ІV тоқсанда оқыту форматы өңір тәуекелі төмен немесе орташа аймақтарда болған жағдайда барлық оқушы мектепте аралас форматта оқуға көшеді», – дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.

300 оқушыға дейінгі контингенті бар мектептер оқуын дәстүрлі форматта жалғастырады. «1 сынып – 1 кабинет қағидаты сақталып, оқушылардың саны әр сыныпта 25-тен аспауы керек. Сабақтың ұзақтығы – 40 мин. Бала ауырған немесе науқастармен байланыста болған жағдайларда, ата-аналардың өтініші бойынша балаларды қашықтан оқыту форматында қалдыруға рұқсат етіледі», – деді ведомство өкілі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button