EducationБасты

«Жас ғалым – 2020» байқауының жеңімпазы анықталды

«Бөбек» бірлестігі ұйымдастырған «Жас ғалым – 2020» байқауында Жәмилә Ахметова гран-при ұтып алды. Бұған дейін Америка құрама штатында тұрған жерлесіміз енді қазақ жерінде өзінің білімін шындамақ, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.  pavlodartv.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы республикалық мектеп оқушылары арасында «Жас ғалым – 2020» онлайн байқауын ұйымдастырды. Додада Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей интернатының 8-сынып оқушысы Жәмилә Ахметова бақ сынап, жеңімпаз атанып, төс белгіге ие болды. Айта кетейік, жас ғалым бұған дейін Америка құрама штаттарында тұрған, 2019 жылы туған жеріне оралды. Бұл марапатқа өз елінде жеткеніне тіптен қуанышты.

«Әрине, бұл жағдай мен үшін тосыннан болды. Үйреншікті демалыс күні еді, анам үйге сәлемдемемен келді. Ішінде төс белгі бар екен, мен басында аздап ұялдым. Кейін мен байқау туралы есіме түсіп, маған қызықты болды. Ішін ашқанымда таң қалдым, кейін, «Мен бұл марапатқа лайықпын ба деген ой келді. Бірақ, бұл менің еңбегімнің жемісі екеніне сенемін»,- деді  байқау жеңімпазы Жәмилә Ахметова.

Жәмилә әрдайым жан-жақты даму үстінде. Барлық пәндерге қызығушылық танытады. Мәселен, математика бағытында көптеген сертификаттары бар. АҚШ-та президенттік білім беру бағдарламасына қатысып, оқу үлгерімінде көрсеткен жоғары дәрежесі үшін 2017 жылы Дональд Трамптан  сертификат алған.

Ұйымдастырушылар дәстүрлі түрде еліміздің  үздік оқушы, студент, магистранттарына өз марапаттарын табыстайды. Онлайн байқау бірнеше кезеңнен өтті.

Жәмилә Отанына келген сәттен түрлі олимпиадаларда бақ сынауда. Бос уақытында кітап оқығанды, түрлі зерттеу жұмыстарымен айналысқанды ұнатады. Оны қазақстандық ұстаздары, сыныптастары құшақ жая қарсы алған. Бүгінде Жәмилә Ахметова қазақ тілін үйреніп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button