AgroБасты

Ауыл шаруашылығы техникасының егін егуге дайындығы 97% – Сапархан Омаров

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 97 пайыз. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты.

«Егіс науқанын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құралымдарында 141,7 мың трактор, 73,2 мың тұқымсепкіш, 221,2 мың топырақ өңдеу құралы бар. Бір мезгілде бірнеше технологиялық операцияларды орындайтын қазіргі заманғы егіс кешендері 4,3 мың бірлікке дейін ұлғайды. Бұған ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезіндегі мемлекеттік қолдаудың тиімді шаралары ықпал етуде», – деді министр.

Оның айтуынша,«ҚазАгроҚаржы» АҚ фермерлердің 1 112 жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуларына 24 млрд теңге қаржы берді, оның 458-і отандық өндіріс техникасы.

«Осы жылдың 29 наурызындағы жай-күй бойынша көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 97 пайызды құрайды. Техниканы дайындау жоспарлы режимде жүзеге асырылуда. Жаппай жұмыс жүргізу алдында техника дайындығы 100 пайыз құрайтын болады», – деді Сапархан Омаров.

Басқа жаңалықтар

Back to top button