«Биыл химия өнеркәсібінде нақты көлем индексі саладағы үлесі 57 пайызды құрайтын ірі кәсіпорындардың өндіріс көлемінің ұлғаюы есебінен 102 пайызға жетуі тиіс. Фосфат тыңайтқыштар өндірісін 16,6, аммофос 15,4, аммиак селитрасы 10,7, хром қосылыстар өндірісін 13,6 пайызға арттыруды жоспарлап отырмыз», – деді өңдеу өнеркәсібін дамыту жайында баяндаған министр.
Оның айтуынша, биыл үш жаңа жоба іске қосылып, саланың өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
«2025 жылға дейін бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және минералды тыңайтқыштар өндірісінің қуатын 1,5 млн тоннаға дейін арттыру көзделген», – деді Бейбіт Атамқұлов.