Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Әділет, сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, мүлік иелерінің бірлестігін құру мен оны тіркеу жөніндегі жобаны іске асырды, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.
Соған сәйкес кворумды тексеру арқылы онлайн дауыс беру әрі электронды хаттама қосымшасының көмегімен тіркеуге қатысты өтінішті жолдау тетігі қарастырылған.
Егер де бұған дейін қазақстандықтарға мүлік иелерінің бірлестігін тіркеп, оның төрағасын сайлау үшін баспана иелерімен бірнеше мәрте кездесіп, тиісті өтінішті жіберуге ұзақ процестен өтулеріне тура келсе, енді «Управ.дом» мобильді қосымшасы арқылы смартфондағы батырманы басып, қажетті өтінішті онлайн жолдаса жеткілікті. Мемлекеттік деректер базасы мен цифрлы платформалардың интеграциясының нәтижесінде «МИБ-ті онлайн тіркеу» қызметі жолға қойылып, ол барлық еліміздің азаматына қолжетімді. Бұл бағытта дайын озық шешім ретінде «Управ.дом» жобасы ұсынылып отыр.
Аталған жоба бойынша дауыс берудің онлайн форматы қарастырылған. Демек тұрғындардың келісімі мен қолдары интерактивті түрде жиналып, дауысты, кворумды автоматты санау және электронды хаттаманы қалыптастыру көзделеді. Сондай-ақ МИБ-ті электронды форматта тіркеу үшін тұрғын үй төрағасының, хатшының және тұрғын үй кеңесінің қолы қойылған электронды хаттаманы «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына жіберу мүмкіндігі жолға қойылған.
Бұл жобаны іске асыру арқылы МИБ қызметінің ашықтығын қамтамасыз етіп, алаяқтық әрекеттерді алдын алу, тұрғын үйді басқару процестерін автоматтандыру, сондай-ақ қағаз құжат айналымын азайту межеленген.
Қосымшаны пайдалану аясын кеңейту мақсатында арнайы нұсқаулық бейнероликтер дайындалды