«Мен қазіргі қызметімнен кету туралы шешім қабылдадым. Бұл қадам еліміздің саяси кеңістігіндегі поляризацияны төмендететініне сенемін және солай болғанын қалаймын. Себебі поляризация мен арамыздағы қарама-қайшылық еліміздің болашағы, экономикалық дамуы үшін және кез келген дағдарысты шешу кезінде қауіпті болатынына сенімдімін», деп мәлімдеді Гахария үкімет әкімшілігіндегі брифинг кезінде.