EconomyFinanceБасты

Зейнетақы төлемдерін алу үшін электронды өтінішті қайда жазамыз?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Үкіметі айқындаған Отбасы банкі, «Банк ЦентрКредит», Altyn Bank және Қазақстан Халық банкі секілді уәкілетті операторлармен келісім жасады. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, заңнамада тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін салымшылардың уәкілетті оператордың интернет ресурсында электронды өтініш толтыра отырып, ҚР Үкіметі айқындаған уәкілетті операторларға жүгінетіні көзделген.

«Салымшы өтінішінде біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсатын және мақсатты пайдалануға жіберілетін қолжетімді соманы көрсетеді. Уәкілетті оператор салымшының өтінішін қарап, оны мақұлдау туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ, біржолғы зейнетақы төлемдерін қордан уәкілетті операторда ашылған салымшының арнайы шотына аудару бойынша БЖЗҚ-мен өзара іс-қимылдар жүргізіп, біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы пайдаланылуына мониторинг жасайды», делінген хабарламада.

Қор мен уәкілетті операторлар арасындағы өзара іс-қимыл электронды ақпарат алмасу арқылы және өзара іс-қимыл туралы тиісті келісім негізінде жүзеге асырылады.

«Келісім уәкілетті оператор мен БЖЗҚ арасында біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару және қайтару мәселесі бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу тәртібін, сондай-ақ, ақпараттың құпиялылығын сақтау жөніндегі шарттар мен міндеттемелерді қоса алғанда, келісім тараптарының әрқайсысының міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды», делінген хабарламада.

Айта кететін жайт, қор мен уәкілетті оператордың ақпараттық жүйесінің біріктірілуі «электронды үкімет» порталындағы интеграциялық сервис арқылы жүзеге асырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button