SocialБасты

«Отандастар Қоры» Шығыс Қазақстан техникалық университетінде қандастармен кездесу өткізді

«Отандастар Қоры» Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде оқитын ұлты қазақ шетел азаматтарымен кездесу ұйымдастырды.

Шара барысында қандастарымызды толғандырған сұрақтарға арнайы мамандар жауап беріп, түсіндірді.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының жанынан құрылып, шетелдегі отандастарымызды және елдегі қандастарымызды жан-жақты қолдайтын ұйым осы уақытқа дейін ауқымды шаралар ұйымдастырды.

«Отандастар Қоры» КеАҚ Қандастарды қолдау департаментінің бас менеджері Еркебұлан Меңлібаев азаматтық алу механизмдері, виза алу мәселелері жқнінде ақпарат берді. Қандас жастардың оқумен ғана шектелмей, қоғам өмірімен де араласып, өздерін жан-жақты дамытуы үшін түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Сондай-ақ студенттер Отандастар Қорының жанынан құрылған «Жас Қазақ» халықаралық жастар ұйымына қабылданды.

«Ұлттық волонтерлік желі» өкілі Айдана Макышева еліміздегі және әлемдік деңгейдегі жобалармен таныстырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button