ҚР Білім және ғылым министрлігімен игерілмеген гранттарды қайта бөлу бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл дайындықтың жекелеген бағыттары бойынша бос игерілмеген гранттарды, оның ішінде квоталық гранттарды беруге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.
Қайта бөлу келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды: «педагогикалық ғылымдар», «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «ауыл шаруашылығы және биоресурстар».
Арнайы комиссия жұмысының қорытындысы бойынша 2763 адам мемлекеттік білім грантын иеленді, оның ішінде дайындық бағыттары бойынша: «педагогикалық ғылымдар» – 1690 адам, «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» – 597 адам, «инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» – 391 адам, «ауыл шаруашылығы және биоресурстар» – 85 адам.
Гранттар тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында https://testcenter.kz/ru/ орналастырылған.