Басты
Синоптиктер қалалардағы ауа сапасы туралы айтты
«Қазгидромет» РМК 18 тамыз күні еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық аухал туралы мәлім етті, деп хабарлайды Jana-kezen.
Ақпаратқа сәйкес, бүгін ауа сапасының ластануы еш бір қалада күтілмейді.
Қазақстанның барлық қаласында метеожағдай норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал