SocialБасты

Алдағы уақытта қант бағасы қанша теңгеге өсуі мүмкін?

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев алдағы уақытта қант бағасының қанша теңгеге дейін көтерілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды baq.kz сайты.

«Ауыл шарушылығында өзіміздің азық-түлік келісімшарты бар корпарациямыз бар. Көтерме сұранысқа ермей, қажеті жоқ көп көлемде қантты сатып алмаңыздар. Себебі қазір азық-түлік келісімшарт корпорацияның қоры бойынша 2,5  мың тонна қантымыз бар. Оны 311 теңгеден өңірлерге жеткізу жұмыстарын жасап жатырмыз. Қант бағасы алдағы уақытта әрі кетсе 60-70 теңгеге өсуі мүмкін.  Себебі айтып өткеніміздей, құрақ қант түрі шетелден тасымалданатын болғандықтан доллар бағасына сай өзгеріп отыр», – деді Ербол Қарашөкеев.

Ербол Қарашөкеев картоп тапшылығының алдын алу жұмыстары былтырдан бері жүріп жатқанын еске салды.

«Өзбекстаннан 20 мың тоннадан кем емес жас картопты қалыпты бағамен әкелу үшін келіссөздер жүргізгенбіз. 2020-2021 жылғы маусымдағыдай картоп бағасының 800 теңгеге дейін баруына биыл жол бермейміз», – деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button