Үкімет «Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулы қабылдады.
Құжат қолда бар өндірістік қуаттардың жүктелуін, жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және жалпы алғанда, отандық жеңіл, жиһаз өнеркәсібі және машина жасау салаларын одан әрі дамытуды ынталандырады.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастау 2 жыл бойы қолданылатын болады.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес кодтарын көрсете отырып, жиһаз және жеңіл өнеркәсіп тауарларының тізбесін ұсынды.
Ұлттық режимнен алып тастауға жататын машина жасау тауарларының тізбесіне лифтілер, траволаторлар, экскалаторлар және жылжымалы жаяу жүргінші жолдары, автоматтандырылған газ тарату станциялары, блоктық газ реттеуші, газ өлшеу қондырғыларының (станциялары) пункттері, жиынтық тарату құрылғылары және орта және төмен кернеулі қосалқы станциялар, ашық тарату құрылғылары, интеграциясы, цифрлық релелік қорғанысы және цифрлық басқаруы бар жиынтық трансформаторлық қосалқы станциялар, РҚА цифрлық құрылғылары, жоғары вольтты ажыратқыштар мен айырғыштар, комбайндар, тракторлар, ершікті тартқыштар, автобустар, жеңіл және жүк автомобильдері, арнайы техника, газ, сұйықтық және электр энергиясын беру есептегіш құралдары кіреді.