Басты

Атырау облысында бірқатар пойыздар тоқтады

Атырау облысында карантин 17 тамызға дейін ұзартылып, бірқатар пойыз жұмысын тоқтатты. Бұл туралы облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденовтің 2 тамызда қол қойған қаулысында айтылған, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Бас санитарлық дәрігердің қаулысында «Атырау облысында уақытша шектеу шаралары 2020 жылғы 3 тамыз сағат 00:00-ден 17 тамыз сағат 00:00-дейін ұзартылсын» -делінген.

аҚаулыға сәйкес, Алматы қаласына, Ақтөбе және Маңғыстау облысына қатынайтын пойыздар жүрмейді. Ал, тұрғындар мен автокөлік қатынасына түнгі сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін тыйым салынып отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысында 3 тамыздан бірқатар қызмет түріне қайта тыйым салынатындығы туралы хабарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button