Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасын қорытындылауға арналған форумның пленарлық отырысында мәлімдеді.
ИИДМ мен Дүниежүзілік банктің бірлескен жобасы мемлекеттік және әлеуметтік нысандардың энергия тиімділігін арттыруға, көшелерді жарықтандыруға бағытталған. Жобаның басты мақсаты – елдің энергия үнемдеу саласындағы саясатын іске асыруға ықпал ету.
Марат Қарабаевтың айтуынша, жобаны жүзеге асыру барысында отын-энергетикалық ресурстарға жұмсалатын ақшалай шығындардың жалпы үнемделуі шамамен 188 млн теңгені құраған.
Жоба шеңберінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 96 нысанды жаңғырту табысты аяқталды. Жобаның барлық кезеңінде отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу жылына 16 млн кВт* сағаттан астам уақытты құрады.
Әрбір нысанға жүргізілген жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде энергетикалық ресурстарды үнемдеу 40 пайызға төмендеп, екі мыңнан астам жаңа жұмыс орны пайда болды. Сондай-ақ жергілікті тауарлар мен жұмыстардың қамту үлесі 85 пайызды құрады.
Сонымен қатар вице-министр өз сөзінде Қазақстанның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру тұрғысынан әлеуеті жоғары екенін және де бұл тарапта алда атқарылатын жұмыстар көп екендігін айтты.
Мәселен, бүгінде Парламент Мәжілісі энергия тиімділігін арттыру туралы заң жобасын қарауда. Заң жобасында еліміздің энергия тұтынуының үштен бір бөлігін қамтитын ірі кәсіпорындарда энергия үнемдеу бойынша жауапты тұлғаларды енгізу, сондай-ақ барлық энергия тізілім субъектілерінің 90%-ға жуығын тұтынатын ТОП-100 кәсіпорын үшін энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторларды белгілеу ұсынылған.
Форумның пленарлық отырысына сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сәлімжан Нақпаев, ҚР Парламент Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов, Швейцарияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Давид Грихтинг, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто, халықаралық және отандық сарапшылар мен Дүниежүзілік банктің жобаларын жүзеге асырушы мамандар қатысты.
Шара барысында аталған жобаны жүзеге асыруда белсенділік танытқан бір топ қызметкер «Энергия үнемдеу саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің Грамотасымен марапатталды. Атап айтқанда, Дүниежүзілік банктің энергетика бойынша аға маманы С. Кохли, Дүниежүзілік банктің Қазақстан Республикасындағы операциялық мәселелер бойынша сарапшысы Е. Яковлева және «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» ЖЖА менеджері Е. Буксукбаев арнайы төсбелгімен марапатталды. Ал ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы Д. Тілеуқабылов, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Басқарушы директоры Б. Нұржігітов және «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасын жүзеге асыру мен «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ-ның Е. Файзуллин, С. Есенгабулов, Ж. Алиев, Б. Нагызканова, А. Уразгулов және А. Диана есімді бір топ қызметкері ҚР ИИДМ басшысының Грамотасына ие болды.
Еске сала кетейік, Қазақстандағы энергия үнемдеу саясаты 2012 жылдан бастау алады. Бұл – «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңның қабылдануымен тікелей байланысты.