Басты
Дәрігерлердің талап-тілегін қабылдайтын call-орталық құрылды
Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподағы дәрігерлерді толғандырған сауалдарға жауап беретін call-орталықты іске қосты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингі барысында кәсіподақ мүшелері медицина саласы қызметкерлерінің сауалдарына жауап беру мақсатында call-орталықтың іске қосылғанын айтты.
«Мұндағы негізгі мақсат – қандай да бір мәселелерге тап болған ақ халаттыларға қажетті көмек көрсету. Сенім телефонына: 8 (776) 466 67 77, 8 (775) 125 25 39 және 8 (777) 268 09 65 нөмірлері арқылы хабарласуға болады. Қоңыраулар тәулік бойы қабылданады», – дейді ұйымдастырушылар.