«Самұрық-Қазына» активтерін дәл биыл жекешелендірудің айтарлықтай қаупі бар. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерді басқару және жекешелендіру жөніндегі дирекция басшысы Алмасадам Сатқалиев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Үкіметке компанияларды жекешелендіру бойынша берген ұсынысымыздың негізгі мәні мерзімнен бұрын – сапаға баса мән беру. Яғни, дәл биылғы жекешелендіру біз күткен нәтижеге қол жеткізбейді. Тіпті, бұл бағдарламаны іске асырудың белгілі бір қаупі де баршылық. Сол себепті индикативті мерзімдерді таңдап алдық», – деді Алмасадам Сатқалиев тікелей эфирде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.