Басты

ZIK компьютерлері қазақстандық оқушылардың сұранысына ие

Отандық ZIK компьютерлері оқушылардың сұранысына ие, деп хабарлайды Jana-kezen.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ-да компьютерлік техника өндірісін оқшаулау деңгейі 30%-ды құрайды, бұл ретте зауыттың жобалық қуаты айына 50 мың бірлікке дейін компьютерлік техника шығаруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта зауыт Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының қажеттіліктері үшін ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін 5 мың дана дербес компьютерлерді орнатуды жоспарлап отыр. Зауыт ұсынатын компьютерлік техниканың техникалық сипаттамалары ұқсас өнімдерден асып түсетінін атап өткен жөн.

Сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігі тапсырысты ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін орналастырған жағдайда, зауыт осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін 5 мың бірлік компьютер техникасын және а.ж. 1 қазанына дейін 40 мың бірлік көлемінде шығаруға дайын екенін хабарлаймыз.

Естеріңізге сала кетейік, Зауыт 2019 жылы отандық компьютерлік техниканы өндіру жобасын іске асыруға кірісті.

2019 жылдың маусымында зауыт Қытайдағы компьютерлік техниканың ірі өндірушілерінің бірі – Great Wall шетелдік компаниясымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісім жасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button