Димаш Құдайберген – қазақтан шыққан әлемге танымал әнші.
Омбылықтардың көбісі дүниеге келген ұл балаға қазақтан шыққан танымал әнші Димаш Құдайбергенұлының есімін беріп жатыр, деп хабарлайды superomsk.
Омбы АХАЖ басшысы айтқандай, қала тұрғындары соңғы кездері балаларға ерекше есімдер қоя бастаған.
– Жаңа туған нәрестеге қос есімдер де көптеп беріліп жатыр. Мәселен, Патрик-Павел, Аарон-Николай, Абдул-Кәрім, Дін-Мұхаммед, Мұхаммед-Әли, Сиена-Виктория, Мария-Елена, Бибі-Әмина, Тея-Полина, Елизавета-Аделин, Сафия-Хелин, Еркежан-Күлпаш және Ева-Мария. Шетелдік есім берілген қыздар мен ұлдарға: Сұлтан, Алмаз, Рафаэль, Мишель, Марсель, Леон, Ванесса, Мадлен, Димаш. 2019 жылы қойылған сирек кездесетін есімдер де бар, көбіне ол библиямен байланысты: Адам, Нұх, Сүлеймен, Соломей, Евника, грек мифологиясынан – Одиссей, Афродита, Теон, Галий. 2019 жылы сирек кездесетін есімдерге мыналар жатады: Ярохор, Аветик, Олесь, Максимилиан, Дорофей, Ширина, Веста, Айгөлек. Омбыдағы жаңа туған нәрестелер үшін ең ерекше есімдер: Судоба, Онега, Иветта, Шаннин, Мане, Гектор және Риф, – дейді Наталья Биляченко.