Басты

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 10,1 пайызға артты

 

Халық алдында есеп берген ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров короновирус індетінен туындаған дағдарысқа қарамастан, осы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша агроөнеркәсіп кешеніндегі ахуал тұрақты болып тұрғанын баяндады.

 

“Короновирустық пандемиямен байланысты қазіргі жағдай азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығын дамыту басты мәселелердің біріне айналғанын көрсетті”,-деді ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров.

 

Карантиннің алғашқы күндерінде түрлі елдерде азық-түлік тауарларына сұраныстың жоғары болғанын айтқан министр, ауылшаруашылығының жалпы өнімі 2,2%, азық-түлік өндірісі 2,4% өскенін хабарлады.

 

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 10,1 пайызға артып, 98,4 млрд. теңгені құраса, азық-түлік өндірісі – 14,9  пайызға артып 20,6 млрд. теңгені құраған. Мал шаруашылығында жалпы өнім 2,3% артқан. Өндірістің ұлғаюы ет өндірісінің 3,6% , сүттің 3,2% өсуіне байланысты болған.

 

2020 жылғы көктемгі дала жұмыстарын уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданғанын және бүгінгі күні егіс жұмыстары аяқталуға жақын екенін атап көрсетті.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button