Басты

ҚР АҚДМ 22-ші Орта Азиялық БАҚ онлайн-конференциясына қатысты

Ағымдағы жылдың 7-9 қазанында ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі кеңсесі 22-ші жыл сайынғы Орталық Азия БАҚ конференциясын онлайн форматта өткізді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Конференция барысында медиа саласындағы өзекті мәселелер, соның ішінде сөз бостандығы, «жалған» ақпарат тарату және Орталық Азия аймағындағы елдердің дамуындағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі туралы пікірлер мен тәжірибе алмасу өтті.

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Моңғолиядан журналистер, мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері мен ғылыми қоғамдастықтардың 100-ге жуық өкілі қатысты.

9 қазандағы «COVID-19 дағдарысына жауап: БАҚ-ты реттеу, экономикалық факторлар және ынтымақтастық» сессиясында спикер ретінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев сөз сөйледі. 

Сонымен қатар, іс-шараға сөз бостандығын қорғау жөніндегі «Әділ сөз» халықаралық қорының президенті Тамара Калеева, Тәжікстан Республикасының «Хома» қоғамдық ұйымының басқарушы директоры Шахло Акобирова, Түрікменстанның Арзув жаңалықтар агенттігінің бас редакторы Азат Сейтмухамметов және Қырғыз Республикасының ақпараттық заң орталығының атқарушы директоры Нұргүл Әбдікерімова және басқалары қатысты.

Вице-министр Кемелбек Ойшыбаев сөз алып: бұқаралық ақпарат құралдары қауіпсіздігінің міндетті шарттарын сақтай отырып, халықты елдегі ағымдағы жағдай туралы уақтылы хабардар етудің, сенімсіз және жалған ақпараттық материалдарға жедел жауап берудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, К. Ойшыбаев COVID-2019-ға қарсы күресте Министрлік COVID-19 бен ағымдағы жағдай туралы кеңінен түсіндіру жұмыстары, бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінің жұмысын үйлестіру үшін Республикалық байланыс орталығын құру сияқты жұмыстар жүргізгенін айтып, coronavirus2020.kz , stopfake.kz сайттары, телеграм каналы және мобильді қосымшалары жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді. Бұған қоса, спикер министрліктің коммерциялық БАҚ-ты қолдау бойынша қабылдаған шаралары туралы хабарлады.

Сессия барысында пандемия нәтижесінде пайда болған Орталық Азия мен Моңғолиядағы БАҚ бостандығы проблемалары, оның ішінде қолданыстағы заңнама және жекелеген істердің жағдайына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігіне кері әсер етуі мүмкін мәселелер талқыланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button