EconomyБасты

Қазақстан жиһаз өнімдері экспортын 3 есеге арттырды

2023 жылы Қазақстан $13,7 млн сомаға жиһаз өнімдерін экспорттады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 31 % – ға артық. Өнімдерінің негізгі көлемі ТМД елдеріне жіберілген, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.

Есептік кезеңде отандық кәсіпорындар жалпы сомасы 82,6 млрд теңгеге жиһаз өндірген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 28 % – ға көп.

2023 жылы өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі жиһаз өнеркәсібінің үлесі 0,18 % құраса, өңдеу өнеркәсібінде 0,4 пайызды құраған. Саланың физикалық көлем индексі көрсеткіші 143,5%.

Өндірістік көлемдердің ұлғаюы негізінен ас үйге арналған жиһаздардың (50,4%) және кеңсе ағаш жиһаздары (5,4%) сияқты тауарлардың өсімімен байланысты. Сондай-ақ, салада  «арнайы отыруға арналған жиһаз» (негізінен металл жақтауы бар) тауарларында – 46,9 %, асхана мен қонақ бөлмеге арналған ағаш жиһаз – 2,3%, «жатын бөлмелерге арналған ағаш жиһаз» – 0,1% пайызға өндірістің төмендеуі байқалады.

Өткен жылы елге 2022 жылмен салыстырғанда жиһаз өнімдерінің импорты 5,3 пайызға төмендеген. Бұл көрсеткіштер соңғы жылдары қазақстандықтар отандық өнімге көбірек басымдық беріп келе жатқанын көрсетеді.

Жиһаз өнімдерін тұтынудың ішкі нарығы 2023 жылдың қорытындысы бойынша $537,4 млн немесе 245,2 млрд теңгені құрады.

Секторға 17 млрд 166 млн теңге инвестицияланды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3,9-ға көп.

Жалпы елімізде жиһаз өндіретін 1515 кәсіпорын бар, оның 1507 шағын кәсіпорындар. Өткен жылы салада 14,5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button