Жұма, 10 маусымда Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчукпен кездесті, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Әңгіме барысында тараптар Қазақстан-Ресей сауда-экономикалық ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ екіжақты өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары бойынша пікір алмасты.