PoliticsБасты

3 қыркүйекте Мемлекет басшысы Шығыс экономикалық форумына қатысады

3 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен бейнеконференция форматында өтетін Шығыс экономикалық форумына қатысады. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Жыл сайын Владивостокта өтетін форумның биылғы тақырыбы «Құбылмалы әлемдегі Қиыр Шығыстың жаңа мүмкіндіктері». Шара барысында Азия-Тынық мұхиты аймағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының жаңа механизмдері талқыланбақ», делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button