SocialБасты

Жеңілдікті автонесиеге бір күнде 2200 өтініш түсті

Дүйсенбіден бері Банк ЦентрКредит пен Еуразиялық банк азаматтардан өтінім қабылдап жатыр. ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков екі банкке 2200-ден аса өтініш түскенін, қазір олар қаралып жатқанын айтты. Атап айтқанда, Банк ЦентрКредит— 1000, Еуразиялық банк 1200 өтінім қабылады, деп хабарлайды kolesa.kz.

Сапарбековтің айтуынша, жеңілдікті автонесие бағдарламасына жақында Halyk Bank пен ForteBank қосылады.

— Өнеркәсіпті дамыту қорының процедурасы аяқталуға жақын. Банктермен, директорлар кеңесімен келісетін белгіленген рәсімдер бар, — деді комитет төрағасының орынбасары.

Ал аталған қор жеңілдікті автонесиенің ақшасы банктерге әлі түспегенін айтады. БЦК мен Еуразиялық банк бүгін, ал Fortebank пен Halyk bank апта аяғына дейін алады. Fortebank ертеңнен бастап өтінім қабылдауды жоспарлап отыр.

Бағдарлама 16 мамырда іске қосылды. Несие алуға қалай өтінім беретінін Kolesa.kz редакциясы мына материалда жазды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button