PoliticsБасты

Қазақстан ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесіне қатысты

Беларусь Республикасының төрағалығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, оның ішінде өңірлік қауіпсіздік проблематикасын, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде 2022 жылға арналған көпдеңгейлі сімаралық консультациялар жоспарын бекітілді.

Отырысқа қатысушылар ТМД мемлекет басшыларының ТМД-ның 30 жылдығына, мемлекеттердің биологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығына, сайлау құқықтары мен көші-қон мәселелеріне арналған бірлескен мәлімдемелерінің жобаларын мақұлдады.

Сонымен қатар, құқық қорғау және сот салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ ТМД мемлекеттерінің
жоғарғы (жоғары) соттары төрағаларының кеңесін құру туралы халықаралық шарттардың жобалары бекітілді.

Тараптар 2022 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын келісті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов қатысты.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button