TechБасты

17 жастағы студент бие сүтінен косметика жасады

Павлодарлық 17 жастағы студент бие сүтінен косметика шығаруда, деп хабарлайды Jana-kezen.kz  pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Даяна Мукина – Павлодар облысының дарынды балаларға арналған көпсалалы лицей-интернатын бітірген. Ол қазір Astana IT University оқу орнының бірінші курсында білім алады.

Жас кәсіпкер кофе скрабы, бетке арналған клинсер, бетке және денеге арналған гель шығарады. Өнімдерінің негізі – тек табиғи және пайдалы заттар. Косметика терінің барлық түрлеріне жарамды және оны ересектер де, балалар да қолдана алады.

1

– Бие сүтінің рh және адам терісінің рh өте ұқсас. Бұл теріні құрғақ немесе майлы қылмайды және ыңғайлы орта жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан косметика бетінде жаңа бөртпелер мен пиллингтің пайда болуына жол бермейді. Өнім практикалық гипоаллергенді. Құрамында иммуноглобулин және амин қышқылдары бар. Саумалыдан басқа, біз әртүрлі майларды, яғни кокос, карит, какао қосамыз. Олар қосымша күтім жасайды, ылғалдандырады және теріні нәрлейді. Ал бие сүті қабыну мен қышуды жеңілдететіп, құрғақ және сезімтал теріге нәзік күтім жасайды, – дейді Даяна Мукина.

Жас кәсіпкердің айтуынша, пандемияға байланысты сублимацияланған бие сүтімен қамтамасыз ететін компания уақытша жұмыс істемейді. Сол себепті сатылым уақытша тоқтатылды. Бірақ ол косметикаға қосатын сублимацияланған бие сүті қайтадан шыққан кезде жұмысты қайта жандандыратынын айтады.

 

– Бағалар өте қолжетімді. Мысалы, скраб 550 теңге, бетке арналған клинсер 500 теңге, ал гель 1200 теңге тұрады. Бастапқыда мен косметиканы бюджеттік бағамен жасағым келді. Бұл идеям іске асты. Өйткені қымбат косметиканы сатып алуға көбінің жағдайы келе бермейді. Грантты жеңіп алғаннан кейін көптеген тапсырыс түсе бастады. Бұл салада бәсекелестер бар. Алайда, сублимация қолданылатын косметиканың дәл осы түріне әлемде аналогы жоқ табиғи косметикалық өнім болып табылады, – дейді Даяна Мукина.

Айта кетейік, Даяна Мукина өз жобасын «Eco Startup» халықаралық экологиялық стартап-жобалар байқауында 2019 жылы ұсынды. Байқаудың жүлде қоры 1 500 000 теңгені құрады. Ол 750 мың теңгелік грант иегері атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button