ӘлемБасты

Илон Маск әлемдегі ең бай адам атағынан айырылды

Tesla компаниясының басшысы Илон Маск фирмасының акциясы 20%-ға құлдырады.

Wedbush Securities компаниясының аналитигі Дэна Айвстың сөзіне сүйенсек, Маск Tesla компаниясының кейбір инвесторлары биткоин бағасының құлдырауы аясында өз акцияларын сатқан. Маск компаниясының өзі ешқандай қиындық көрмесе де, биткоиндердің төмендеуінен әлемдегі ең бай адамдар рейтингінің екінші сатысына түсті.

Бұл жағдай Илон Маск криптовалютаға өте үлкен инвестиция салғаннан кейін болды.

Неліктен инвесторлар биткоин бағасын арзандатты?

Tesla компаниясы криптовалютаға бір жарым миллиард доллар салған және оны өз өнімдері үшін төлем ретінде қабылдауды жоспарлағаннан кейін, биткоиндердің құны шамамен 50% – ға өсті.

Алайда, жексенбіде бір биткоин үшін рекордтық баға 57 мың долларға жетіп, бірақ келесі күні  өз құнының 20%-ын жоғалтты, ал сейсенбіде бір биткоин көрсеткіші 48 мың доллардан аз болды.

Илон Маск байлығының негізгі көзі әлі күнге дейін Tesla акциялары болып қала береді. Өткен жылы бір акция құны 90 доллардан 700 долларға дейін өсті.

Дүйсенбіде Tesla акциялары өткен жылдың қыркүйегінен бері ең үлкен құлдырауды бастан кешірді, осылайша Маск 15 миллиард доллар қаржысын жоғалтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button