Жұмыс істейтін жастарға жыл сайын 3 мың жалдамалы пәтер беріледі.
і. Бұл туралы Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған т
алқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті.
«Студенттердің стипендиясы жыл сайын 20 пайызға артып, 2 есе өседі, ал магистранттар мен докторанттарға жыл сайын 10 пайызға артып, 1,5 есе өседі», – деді А. Мамин.
Жұмыс істейтін жастар үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша жыл
сайын 3 мың жалдамалы пәтер берілетін болады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет Nur Otan партиясының Парл
амент Мәжілісіндегі фракциясының алдында сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бойынша тиісті Жол картасының жобасын ұсынды.
Жол картасы Сайлауалды бағдарламасының төрт бағыт
ы бойынша 362 іс-шарадан тұрады.