SocialБасты

Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

16 сәуірде ауа райының бұзылуына байланысты «Қазгидромет» РМК бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Атап айтқанда, Атырау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, оның күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с артады.

Жамбыл облысында тұман, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысында жылымықтын әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында қар көшкіні қаупі сақталады.

Сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жылы ауа райының сақталуы өзендерде мұз құбылыстарының одан әрі әлсіреуіне, мұз кептелістерінің қалыптасуына алып келеді. Сонымен қатар еріген қар суы ағынының пайда болуынан өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп, арналарынан шығуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button