BusinessEconomyБасты

Бейбіт Атамқұлов AirAstana авиакомпаниясының президентімен кездесті

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов AirAstana авиакомпаниясының президенті Питер Фостермен кездесу өткізді.

Талқылау барысында Ұлттық авиакомпания басшысы компанияның қазіргі жағдайы мен одан әрі даму жоспарлары, оның ішінде ішкі жолаушылар авиатасымалы көлемін ұлғайту және жаңа шетелдік бағыттарды ашу туралы айтты.

Министр Бейбіт Атамқұлов 2020 жылы ашылған бағыт – Түркістан қаласының коммерциялық табысын атап өтті. Бұл жер қазақстандықтар арасында да, басқа елдерден келген туристер арасында танымал, ал агломерацияның өзінде 700 мыңнан астам адам тұрады, бұл осы бағыттағы тасымалдарға тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді.

AirAstana әуе борттарын пайдаланудың орташа мерзімі төрт жыл, сондықтан әуе тасымалдаушы флоты әлемдегі ең «жас» болып саналады, деді Фостер. Компания басшысының айтуынша, сарапшылар мен жолаушылар ауада және жерде көрсетілетін сервис сапасын жоғары бағалайды.

Министр AirAstana Қазақстанның ішінде және шет елдерге ұшатын рейстердің жиілігі мен бағыттар санының арттырып, компанияның әрі қарай дамуын жалғастыратынына сенім білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button