Басты

Алдағы қыста ауа райы қандай болады

Қазгидромет алдағы қыс айындағы ауа райына болжамды жариялады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

2020-2021 жылдағы қыс өткен жылғы қыстың сценарийі бойынша, яғни жылы және жауын-шашынға мол болады деп күтілуде.

«Өткен жылдың қысында Қазақстан аумағына Атлантика аудандарынан жылы және ылғалды ауа массаларын әкелетін батыс тасымалы жиі жүзеге асырылды. Жер бетіндегі қабатта белсенді циклон мен атмосфералық фронттардың жиі өтуі байқалды, осыған байланысты республиканың басым бөлігінде мол жауын-шашын жауды. Бұл процесстің ең үлкен әсері елдің солтүстік-шығысында және орталығында байқалды, бірқатар терең циклондар өте қолайсыз ауа-райын әкелді: боранмен жиі және қатты қар жауды, олардың ұзақтығы 12-25 сағат, көріну қашықтығының нашарлауы 50 м дейін жетті, жел 30-35 м/с дейін күшейді.

Алдағы қыста Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон климаттық нормадан 1-2°С жоғары, тек еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарының таулы және тау бөктерлі аудандарында – норма шамасында күтілуде», – деді Қазгидромет.

Синоптиктердің болжамынша, желтоқсан мен қаңтар айларында еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, тек батыс өңірлерінде – аз күтіледі, ақпан айында жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормадан көп, ал оңтүстік-батыс жартысында норма шамасында болады.

Көктемнің басы, атап айтқанда наурыз жылы және жауын-шашының мөлшері аз болады деп күтіледі. Қазақстан аумағының басым бөлігінде орташа ауа температурасы нормадан 1-2°С жоғары, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормаға жуық болжанады. Жауын-шашын мөлшері басым бөлігінде нормадан аз, қиыр солтүстікте және Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының оңтүстік-шығыс бөлігінде норма шамасында, Шығыс Қазақстан обласының тауларда нормадан көп болжанады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button