Eco
Қызыл кітапқа енген құстар табиғи ортаға жіберілді
Қазақстандағы жек-дуадақ популяциясын қалпына келтіру бойынша әзірленген бағдарламаның аясында жыл сайын Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстанның тәләмбақтарында өсірілген жек-дуадақ балапандары табиғи ортаға жіберіледі. Бұл туралы Экология министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Биыл бұл жұмыс 26 сәуірде басталып, қазіргі таңда жалпы саны 720 дарақ жек-дуадақ құсы Жетісу облысында табиғатқа жіберілді. Оның 450-і БАӘ-нің тәлімбағынан болса, 270-і еліміздің Түркістан облысында өсірілген.