Атырауда тасқын суын қабылдау үшін каналдарда бос орындар дайындалып жатыр
«Қазсушар» мекемесінің Атырау облыстық филиалына қарасты 4 каналда тасқын суын қабылдау үшін бос орындар дайындалып жатыр. Атап айтқанда, Соколок, Сарыөзек, Бақсай және Нарын каналдарына вегетация маусымына жиналған су Каспийге жіберіліп жатыр. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Осының нәтижесінде Соколок каналы 2 млн текше метр, Сарыөзек каналы 3 млн текше метр, Бақсай каналы 7 млн текше метр және Нарын каналы 4,5 млн текше метр су қабылдай алады.
Бұдан бөлек, «Қазсушар» мекемесі Сарыөзек каналының 5 шақырымында түп тереңдету жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, канал жанынан 50 шақырым су бөгеті салынып жатыр және қорғанысты нығайту мақсатында каналдың жағасы қапшықтармен қосымша 4-5 метрге көтерілді.