Басты

Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңартылған құрамда Үкіметтің алғашқы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, медициналық ұйымдардың халықты «Спутник V-мен» 1 ақпаннан бастап жаппай вакциналауды бастауға дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Бүгінгі таңдағы ең маңызды міндет – халықты жаппай вакциналауды ұйымдастыру», — деді Асқар Мамин.

Атап өтсек, QazCovid-in отандық вакцинасы клиникалық сынақтардың III кезеңінен өтуде (алдын ала тиімділігі – 96%). «Спутник V» вакцинасының сапасын аттестаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. GMP стандарты бар вакциналар шығаратын биофармзауыт салынып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button