Басты
Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылды
Алматы облыстық соты карантинге жабылды. Бұл туралы мемлекеттік орган Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.
«8 және 19 маусым аралығында Алматы облыстық сотының ғимаратында карантиндік шаралар енгізілді. COVID-19 ошағына белсенді дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Сот ғимаратына бөгде адамдардың кіріуіне тыйым салынады», — делінген хабарламада.
Облыстық соттың қызметкерлері жеті күндік үй карантиніне оқшауланды. Сот жұмысы онлайн режимге ауысады. Сот істерін қарауды кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды.