Қазақстан мен Филиппин халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады
Бейнеконференция байланысы форматында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Филиппин Республикасының сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары Лурдес Ипаррагирремен кездесті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы екіжақты ынтымақтастық пен көпжақты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Атап айтқанда, дипломаттар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың, оның ішінде көпжақты алаңдар аясында өзара қолдау көрсету желісі бойынша қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде, Ержан Ашықбаев Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерімен, оның ішінде Филиппинмен қарым-қатынастарды дамыту Қазақстанның сыртқы саясатында маңызды орын алатынын атап өтті.