ӘлемБасты

Еуропа елдері шекараларына кіру ережелерін күшейтеді

Еуропа елдері коронавирус пандемиясына байланысты елге кіру ережелерін және шекарадағы бақылауды күшейтеді, деп хабарлайды Еuronews.

Енді Франциядан Испанияға көлікпен кіру үшін коронавирусқа тапсырылған тестің нәтижесін көрсету қажет. Айта кетейік, Испания тұрғындары үшін корольдікте аса маңызды емес сапарларға салынған уақытша тыйым 30 сәуірге дейін ұзартылды.

ГФР билігі Франциямен, Польшамен және Даниямен шекарадағы бақылауды күшейтуге ниетті. Бұған дейін бұл шекараларда қатаң тексеріс режимі болмаған еді. Бұл қауіпсіздік шарасы енді Аустрияның жекелеген аймақтарына, атап айтқанда Тирольға қолданылмайды.

Сондай-ақ ГФР Ішкі істер министрі Хорст Зеехофер «Чехияда жағдай әлі де тұрақсыз, коронавирус жұқтырғандардың саны өте көп, әсіресе Германиямен шекаралас аудандарда. Сондықтан біз Чехия мен Саксония, Чехия мен Бавария шекарасындағы бақылауды тағы 14 күнге ұзартамыз» деп хабарлады.

Италияға ЕО елдерінен келгендерде коронавирус тестінің нәтижесі болуы керек, келгеннен кейін бес күндік карантинде болып, қайта тест тапсыруы тиіс.

ЕО мен Шенген аймағына кірмейтін елдерден келгендердің барлығына екі апталық карантин қарастырылған. Елдегі туризмге, сондай-ақ ел ішіндегі тұрғындардың жүріп-тұруына қозғалысқа ресми түрде тыйым салынған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button