SocialБасты

ҚР ИИДМ 2020 жылы 271 506 қызмет көрсетті

2020 жылғы 1 қантардан 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері 271 506 қызмет көрсетті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл кезеңде 14 мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі бұзылған және олар бойынша Көлік, Индустриялық даму комитеттерінің және «Казавтожол» АҚ қызметкерлеріне әкімшілік және тәртіптік жаза шаралары қабылданды. Сонымен қатар индустриялық даму және көлік саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты 2 шағым түсті.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы № 272-VI Заңының қабылдануымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттері ұғымы оңтайландырылды. Осы Заңның жаңа түзетулерімен Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен (яғни бірыңғай ережелермен) Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді регламенттеу көзделген. Осыған байланысты, Министрлік мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін анықтайтын 76 нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізу және бекіту жұмыстарын бастап кетті. Бүгінгі таңда 74 НҚА-ның барлығы әділет органдарында бекітіліп, тіркелді. 2 НҚА мүдделі мемкеттік органдарда келісімнен өтіп жатыр», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

2012 жылдың 1 сәуірінен бастап Министрліктің құзыретіне кіретін барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойныша халыққа консультациялық қолдау көрсететін бірыңғай Call-орталық (1414) жұмыс істейді.

Министрлік құзыретіне кіретін 116 мемлекеттік қызметтің 112 электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Бұл Министрлік көрсететін мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 96% құрайды. Қалған 4 мемлекеттік қызметті Министрлік дәстүрлі тәсілмен (қағаз түрінде) көрсетіледі. 116 мемлекеттік қызметтің 25-сін жергілікті атқарушы органдар көрсетеді.

Сонымен қатар, 116 мемлекеттік қызметтің Министрлік көрсететін 15-ін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан алуға болады.

Еске сала кетейік, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыретіне индустриялық даму, жер қойнауын пайдалану, азаматтық авиация, көлік, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері, қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту саласындағы 116 мемлекеттік қызмет кіреді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button